Атырау облысында су айдау бойынша жедел жұмыстар жүргізілді

9 Наурыз 2023, 21:07 1588

Күннің күрт жылынуына байланысты еріген қар суының жиналуына байланысты көптеген қоңыраулар келіп түсті. Атырау облысы Индер ауданындағы Жарсуат, Елтай, Өрлік ауылдарында тереңдігі 60 см жаңбыр мен еріген қар суын арнайы су жинау техникасымен сорып,  ауылдан тыс жерге айдау жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ТЖМ-ге сілтеме жасап.

6-8 наурыз аралығында (3 күнде) Атырау облысының Индер ауданында шамамен 7000 м3 су сорылды.

Индер ауданында еріген қар суын сору бойынша авариялық-құтқару жұмыстары аяқталды.

Атырау облысы Қызылқоға ауданы Миялы ауылындағы көшелердің бірінде орналасқан екі үйдің ауласынан 6-8 наурыз аралығында (3 күн ішінде) 10 000 м3 су сорылды. Зардап шеккендер жоқ.

Жалпы алғанда еріген қар суын айдау бойынша жедел жұмыстарға ТЖД, ЖАО және «ҚайнарМұнайГаз» АҚ 80-ге жуық адамы және 20-ға жуық техникасы жұмылдырылды.

Қызылқоға ауданында еріген қар суын сору бойынша авариялық-құтқару жұмыстары жалғасуда.

EL.KZ
Бөлісу: