14.05.2024
00:31
1163
Атырау облысында құтқарушылар тұрғындарға көмек көрсетуде

Атырау облысында құтқарушылар тұрғындарға көмек көрсетуде

Еліміздің төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары Махамбет ауданының тұрғындарына көмек көрсетіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Махамбет ауданының Талдыкөл ауылынан тұрғындарды Атырау қаласына эвакуациялау жұмыстары жалғасуда. Құтқарушылар тұрғындарды эвакуациялауға көмек көрсетуде. Осы сағатта Талдыкөл ауылынан 129 тұрғын, оның ішінде 102 бала эвакуацияланды. 138 адам, оның ішінде 62 бала өздігінен эвакуацияланып, туыстарына орналасты. Эвакуация жұмыстары жалғасуда. Қазіргі уақытта елді мекеннің тұрғын үйлерін су басқан жоқ, - деп жазылған ТЖМ таратқан ақпаратта.