21.05.2024
07:34
13257
Атырау облысында құтқарушылар тұрғындарды үздіксіз тасымалдауды қолға алды

Атырау облысында құтқарушылар тұрғындарды үздіксіз тасымалдауды қолға алды

Атырау облысында құтқарушылар ауыл тұрғындарын тәулік бойы қайықпен тасымалдап жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін Махамбет және Сарытоғай ауылдарының арасындағы жол төсемін ашып, нәтижесінде көлік қозғалысы тоқтатылған болатын.

Жергілікті құтқарушылар өткен тәулікте 150-ден астам тұрғынды қайықпен тасымалдаған.

Сондай-ақ, Махамбет ауданында жағалауды нығайту жұмыстары жүргізілуде. 105 км астам үйінді қорғаныш құрылыстары салынды.