Атырау облысында қамыс алқабында өрт 50 гектардан асты

8 Шілде 2023, 15:19 1070

Атырау облысында қалың қамыстың жану көлемі 50 гектар алқапқа жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қамыстың ашық жалынымен белсенді тұтану алаңы 50 гектар аумақтан асып отыр. Өртті сөндіру жұмыстары Атырау облысы ТЖД және "Ақ Жайық" МТР күштері мен құралдарымен жүзеге асырылып жатыр.

Бүгін  өрт ошақтарын сөндіруді жүзеге асыру үшін Қызылорда қаласынан СТҚ-5 су төу құрылғысы бар МИ-8 тікұшағы тартылуда. Сондай-ақ, қамыс өртін сөндіруде аумақтың сулы-батпақты болуы қиындық туғызып жатқандығын атап өткен жөн. Өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда.

Асқар Таудай
Бөлісу: