Атырау облысында оқушы аудан мектептерін террорлық актілермен қорқытқан

19 Сәуір, 19:38 833

Атырау облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ҰҚКД АТО бөлімімен бірлесіп, облыс мектептерінің бірінің тоғызыншы сынып оқушысын анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Polisia.kz мәліметінше, жасөспірім анонимді Telegram-арна құрып, онда 21 сәуір күні Индер ауданындағы мектептерде террористік акті жасалатыны туралы хабарлама жариялаған.

Жазбамен бірге интернеттен жүктеп алған қарудың суретін салған. Қазіргі уақытта оның осындай басқа да Telegram-арналар құруға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр, - делінген мәліметте.

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бұған дейін Астана мектептерінде де лаңкестік болатыны туралы хабарланған еді. 

Перизат Саденова
Бөлісу: