Атырау облысында мемлекетке 3 жер учаскесі қайтарылды

23 Қаңтар, 16:30 701

Атырау облысында мемлекетке жалпы құны 144 млн теңге болатын жер телімі қайтарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық прокуратураның хабарлауынша, Мақат ауданының Жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің қызметінде жүргізілген тексеріспен мемлекеттік қызмет көрсету, міндетті конкурстық рәсімдерді елемеу және аудан әкімдігінің лауазымды тұлғаларының құзыретіне кірмейтін шешімдер қабылдау кезінде елеулі заңбұзушылықтар анықталды.

Мақат ауданы прокурорының актісі бойынша сауда-саттықтан тыс табысталған жалпы құны 144 млн теңге болатын 61 га 3 жер учаскесі қайтарылды. Сондай-ақ сауда-саттықтан тыс жер учаскелерін заңсыз алған тұлғалар қатарында жер комиссиясының мүшелері де бар. Мүдделер қақтығысына қарамастан соңғысы комиссия отырсында өзі қатысып, бұл жағдайды одан ары ушықтырған, - делінген хабарламада.

Сонымен қатар аудан әкімінің орынбасарларының бірі бюджетке тиісті төлемсіз кәсіпкерге жер учаскесін тегін берген.

Прокурорлық қадағалау актісінің қаралу нәтижесімен аудан әкімінің екі орынбасары тәртіптік жауапкершілікке тартылса, Жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы ӘҚБтК 137-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

EL.KZ
Бөлісу: