Атырау облысында екі аудан тұрғындарының несие төлемдері шегеріледі

20 Сәуір, 19:09 629

Атырау облысының Жылыой және Қызылқоға аудандары тұрғындарының несие төлемдері кейінге шегеріледі, деп хабарлайы El.kz ақпарат агенттігі.

Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабының мәліметінше, тасқын судан зардап шеккендердің басым бөлігі Жылыой ауданында (Құлсары қаласының 30% су басқан болатын) тұрады.

Қазіргі таңда Құлсары қаласы бойынша 2471 зардап шекен адамның тізімі жасалып, қаржы ұйымдарына жолданды. Сондай-ақ Қызылқоға ауданындағы судан зардап шеккен 24 адамнан өтініш түсті. Қазіргі уақытта несие бойынша төлемдерді тоқтату жөнінде жұмыстар жүргізілуде, - деп мәлімдеді ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттігінің облыстық басқармасының басшысы Асланбек Қабесов.     

Еске сала кетйік, тасқын судан зардап шеккен барлық азаматтардың несие бойынша төлемдері автоматты түрде 3 ай мерзімге кейін ығыстырылады – 2024 жылдың 1 сәуірінен 30 маусымына дейін.

Бұл ретте тасқын су салдарынан төлемдерді кешіктіргені үшін айыппұлдар есептелмейді. Төлемдерді кейінге шегеру жергілікті атқарушы органдардың тізіміне сәйкес іске асырылады, - делінген штаб мәліметінде.

Зарина Арман
Бөлісу: