Атырау облысында апаттық-құтқару жұмыстары кезінде бір адам қайтыс болды

30 Мамыр, 07:36 688

Атырау облысы Жылой ауданының Құлсары қаласында су сору бойынша апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізу барысында бір маман қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Атырау облыстық ТЖД №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі 2001 ж.т. азаматтық қорғау сержанты Бейбарыс Жалғасбайұлы Рақым бақиға аттанған. 

Қазір оқыс жағдайға қатысты оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Төтенше жағдайлар министрлігі Бейбарыс Жалғасбайұлының туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Ол өз ісінің кәсіби маманы ретінде есімізде мәңгі қалады, - деп жазылған министрліктің жазбасында. 

ТЖМ қаза тапқан өрт сөндірушінің отбасына жан-жақты көмек пен қолдау көрсететінін мәлімдеді. 

Перизат Саденова
Бөлісу: