Атырау облысында 64 млн теңге көлемінде заңсыз ауланған бекіре табылды

20 Мамыр 2023, 18:05 1159

Атырау облысында Каспий теңізіне қарай шығатын ауданда рейдтік іс-шараларды өткізу кезінде Жайық өзені қамыс аймағында жалпы салмағы 62,2 кг. 3 қап бекіре тұқымдас балықтары табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Бекіре-2023» кең ауқымды балық қорғау акциясы аясында Жайық-Каспий облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясының қызметкерлері браконьерлік жағдайдың алдын алды. 

Аталған жағдай ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы 1-бөлігінің белгілері бойынша СДТБТ-да тіркелген, құқық қорғау органдары сотқа дейінгі тергеу жүргізетін болады. Балық ресурстарына келтірілген алдын ала залал 64 377 000 теңгені құрады. Қазіргі уақытта балық қорғау акциясы жалғасуда.

Асқар Таудай
Бөлісу: