18.01.2025
20:46
888
Атырау облысында 6,4 млн балық шабағы құтқарылды

Атырау облысында 6,4 млн балық шабағы құтқарылды

Бақсай су арнасында балық шабақтарын құтқару жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР АШМ мәліметінше, құтқарылған балық шабақтарының жалпы саны 6,4 миллионды құрады.

Құтқару жұмыстарына 45 адам және 8 техника жұмылдырылды.

Құтқарылған балық шабақтары тірі күйінде Жайық өзеніне жіберілді. Құтқарылған балық түрлері – орташа салмағы 5-6 грамм болатын сазан және тұқы, - делінген мәліметте.

Жағдай ерекше бақылауға алынған.