Атырау облысында 5 адам табиғи газдан уланды

9 Қаңтар 2023, 13:29 887

Үй иесі және оның төрт баласы табиғи газдан уланған

9 қаңтар күні сағат 07:30 Атырау қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде жедел-жәрдем қызметінен тұрғындардың табиғи газдан улануы бойынша хабарлама түскен, деп хабарлады El.kz ақпараттық агенттігі Атырау облыстық ТЖД Қоғаммен байланыс тобына сілтеме жасап.

"Атырау облысы ТЖД қызметкерлері оқиға орнына жеткен кезде 5 адамның, атап айтқанда 1980 жылы туған үй иесі және оның 2013, 2014, 2016, 2019 жылы туған балаларының ас бөлмесінде орналасқан газ плитасынан газ кету салдарынан уланып, жедел-жәрдем қызметімен облыстық балалар ауруханасына жеткізілгендігін анықтады", делінген хабарламада.

Қазіргі таңда балалардың жағдайы бір қалыпты, олар үйлеріне жіберілген. 

Мамандар тұрғындардың уланудың себебі анықталуда. 

 

EL.KZ
Бөлісу: