Атырау облыстық ҚХА көпбалалы аналарды жұмыспен қамтуға жәрдемдеседі

22 Сәуір 2019, 00:00 1898

Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Алтын Шаңырақ» Аналар кеңесінің кезекті отырысының күн тәртібінде «Қоғамдық келісім» КММ басшысының міндетін атқарушы Л. Джылқышиева мен «Алтын Шаңырақ» Аналар кеңесінің төрайымы Г. Повстянко бірқатар маңызды мәселелерді талқыға салды.

Галина Повстянко өз сөзінде көпбалалы аналарға көмек көрсетуде Қазақстанның іскер әйелдер Ассоциациясының Атырау филиалының қолдауымен «Жәрдем» қоры бағдарламасының бастау алғанын және оның аясында  тігіншілік, кондитерлік, аспаздық, емдік массаж, шаштараз, қолөнер мен ағылшын тілі сынды курстарда тегін оқулар ұйымдастырылатынын хабарлады.  

Өз кезегінде «Тхоньиль» корей этномәдени бірлестігінің Аналар кеңесінің төрайымы Светлана Кван осындай курстарды оқытуға жас аналарды көбірек тарту керектігін алға тартты.

Бүгінгі таңда Атырау облысы бойынша жұмыспен қамтуды қажет ететін өзге ұлт өкілдерінен құралған 167 көпбалалы ананың тізімі анықталып, тіркелген.

Бөлісу: