Атырау қаласы маңында кеме қатынасы тоқтатылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штаб тұрақты режимде Атырау облысында су тасқыны жағдайына мониторинг жүргізіп отыр. Жағалаудағы бөгеттерге қауіпті азайту мақсатында Жайық өзені учаскесінде Көкарна ауылынан Аспа елді мекеніне дейінгі аралықта кеме қатынасын тоқтату туралы шешім қабылданды.
Ерекше жағдайларда төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабпен келісім бойынша көрсетілген учаскеде шағын көлемді кемелердің жүруіне жол беріледі.