Атырау мұнай өңдеу зауытында жөндеу жұмыстары жүргізілмек

18 Тамыз 2022, 11:27 1100

Зауыттың 50-70% қуаты жұмысын жалғастырады

Атырау мұнай өңдеу зауытында жоспарлы алдын-ала жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды El.kz

Қыркүйек-қазан айларында өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына және жабдықтар мен құбырларды, электр жабдықтарын, технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйесін (ТПБАЖ) және бақылау-өлшеу аспаптарын (БӨА) куәландыруға байланысты Атырау МӨЗ-де жоспарлы алдын-ала жөндеу жүргізілетін болады. АМӨЗ-дің артықшылығы мұнайды қайта өңдеудің екі ағынды схемасы болып табылады, яғни объектілер кезекпен тоқтап, іске қосылады. Зауыттың 50-70% қуаты жұмысын жалғастырады, объектілер толық тоқтатылмайды.

Бөлісу: