«Атырау» клубы Түркияда оңбай ұтылды

21 Қаңтар, 08:11 1009

«Атырау» футбол клубы Түркиядағы оқу-жаттығу жиындары аясында жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Мұнайшылар» Волгоградтың «Ротор» клубымен кездесіп, 1:4 есебімен оңбай ұтылды.

Қазақстан клубының сапынан жалғыз голды Виктор Живожинович салды. Ал жеңімпаздар қатарынан Филипп Дворецков дубль авторы атанса, сонымен қатар Илья Сафронов пен Ризван Ахмедханов (пенальтиден) мергендігімен көзге түсті.

Айта кетейік, «Ротор» Ресейдің Екінші лигасында өнер көрсетеді.

«Атырау» Қазақстан премьер-лигасын былтыр жетінші орынмен аяқтаған.

Баян Әжмұхан
Бөлісу: