11.06.2024
16:55
9631
Атырау базарында соққыға жығылған ер адам көз жұмды

Атырау базарында соққыға жығылған ер адам көз жұмды

Атыраудағы базарлардың бірінде екі ер адам жанжалдасып, соңы кісі өлімімен аяқталды, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

Атырау облыстық Полиция департаменті өкілі бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді.

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті УҰИ-на қамауға алынды. Жәбірленуші ауруханада алған дене жарақаттары салдарынан қаза тапты, - деп түсіндірді Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.