Атырау қаласындағы Достық үйінде сотқа дейінгі отбасылық дауларды шешу орталығы ашылды

21 Қаңтар 2019, 10:07 2732

Атырау қаласындағы Достық үйі ғимаратында Қазақстан халқы Ассамблеясы, «Қоғамдық келісім» КММ-сі мен Атырау облыстық соты бірлесе «Отбасы және татуласу» орталығының ашылу салтанатын ұйымдастырды.

Орталықтың ашылу салтанатында алғаш құттықтау сөз алған Атырау облыстық сотының азаматтық істері жөніндегі Сот алқасының төрағасы Манат Комиршинов пен билер кеңесінің төрағасы Ғаббас Хисметуллин отбасы бірлігін сақтап қалу жолындағы екі жақтың бірлескен жұмысына сәттілік тіледі.

Сонымен қатар,  Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы  Айгүл Ташенова орталықта ашылған екі кабинет, яғни «Отбасы және татуласу» орталығы және медиация кабинетінің жұмыс бағыттарымен егжей-тегжей таныстырып өтті.

Шара барысында Атырау облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі Гүлмира Шакирова мен «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Жаннат Досқалиева орталықтың ашылуына қолдау көрсеткен «Атырау Агро өнімдері» серіктестігінің бас директоры, ҚХА Кәсіпкерлер қауымдастығының Атырау облысы бойынша өкілі, ҚХА мүшесі Владимир Розметовке алғыстарын білдірді.

Бөлісу: