Сондай-ақ Отарбаевтың "Бейбарыс" қойылымының Астана қаласындағы гастрольдік сапарына 19 млн 837 мың теңге беріледі.
Бұл театрдың гастрольдік сапары Қазақстанның Мысырдағы елшілігінің ұсынысына сай, Каир қаласында ұйымдастырылады. Ол үшін 70 млн 609 мың теңге қарастырылды. Сапар барысында жазушы Рақымжан Отарбаевтың "Бейбарыс" спектаклі сахналанады, - дейді ведомство.
Мысырда мәмлүктер мемлекетінің негізін қалаған Дешті Қыпшақ даласының атақты перзенті Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығы аясында Халықаралық ғылыми конференция да өтеді. Оған 36 млн 842 мың теңге қаржы қарастырылған.
Ұлы билеушінің тарихи тұлғасы мен тағылымды ғұмырын кенеп бетіне түсіру үшін өтетін республикалық суретшілер симпозиумын ұйымдастыруға 18 млн теңге жұмсалады.
Әкімдік 183 млн теңге қаражаттың мақсатты жұмсалуын қадағаланатынын айтты.