Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша Жетісу облыстық полиция департаментінің бастығы қызметіне Атығай Арыстанов тағайындалды,– деп хабарлайды El.kz порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жаңа бастықты жеке құрамға Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Қайрат Сүнтаев таныстырды.
Полиция генерал-майоры Атығай Ғазымбекұлы 1971 жылдың 19 қарашасында Қостанай облысында дүниеге келген.
Білімі – құқықтану, құқық қорғау қызметінің магистрі.
1998 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, 2005 жылы – ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды заң институтының магистратурасын бітірді.
Ішкі істер органдарында 1992 жылғы желтоқсаннан бастап қызмет атқарады.
Еңбек жолын жедел қызметкерден бастап қызмет және жедел жұмыс басшысына дейін әр түрлі лауазымдарда атқарған.
2008-2010 жылдары – Алматы қаласы ішкі істер департаменті Бостандық ауданы ішкі істер басқармасының бастығы.
2010-2012 жылдары – Ақмола облысы ІІД криминалдық полиция басқармасының бастығы.
2012-2016 жылдары – Қостанай облысының ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасары.
2016 жылы – Қазақстан Республикасы ІІМ криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары.
2016-2019 жылдары – Қазақстан Республикасы ІІМ экстремизмге қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы.
2019-2021 жылдары – Ақтөбе облысы ПД бастығы.
2021 жылғы 16 қазаннан бастап – Қазақстан Республикасы ІІМ әкімшілік полиция комитетінің төрағасы.
ІІ дәрежелі «Айбын» ордені мемлекеттік марапатының иегері.