Аты аңызға айналған Modern Talking тобы Шымкентке ұшып келді

16 Шілде, 14:22 464

15 шілдеде Шымкентке аты аңызға айналған Modern Talking тобы ұшып келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы қалалық әуежайдың баспасөз қызметі әуе айлағындағы кадрлармен бөлісе отырып, мәлімдеді.

Бүгін таңертең әуежайымызда Томас Андерс пен оның Modern Talking тобын қуана қарсы алдық! Олар бүгін кешке Шымкентке үлкен концерт беруге келді!, - делінген қалалық әуежай хабарламасында. 

Modern Talking - 1983 жылы құрылған аты аңызға айналған неміс тобы. Олардың «You’re My Heart, You’re My Soul», «Cheri, Cheri Lady» и «Brother Louie» сияқты хиттері әлем бойынша миллиондаған адамдардың жүрегін жаулап, поп классикасына айналды. 

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: