Аттестаттарын қоқысқа тастаған түлектердің әрекеті көпшіліктің ашуын туғызды

22 Маусым 2023, 12:02 1973

Аттестаттарын қоқысқа тастаған түлектердің әрекеті әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бірі аттестаттың ресми құжат екенін, онда елтаңба бейнеленгенін жазып жатса, екінші тарап бұл еліміздегі білім сапасына деген наразылық екенін айтуда.

Желі қолданушылары:

«11 жыл алған тегін білімге жауаптарың осы ма?», «Не деген масқара, жазаға тарту қажет», «Білім сапасынан балалардың көңілі қалғанын түсіну қиын ба? Елде білім сапасын жақсарту керек», «Еліміздің болашағы осы» «Менің дипломым дәл осылай керексіз боп жатыр», - деп жазып жатыр.

Естеріңізде болса, 2020 жылы да үш түлек мектеп бітіргенін растайтын аттестатты қоқысқа тастаған. Артынша елтаңба бейнеленген құжатты осылай аяқасты еткен жастар кешірім сұрады:

Құрметті қазақстандықтар, ұстаздар, жасаған қателігіміз үшін кешірім сұраймыз. Аттестаттың біздің болашағымыз үшін маңызы зор екенін түсінеміз. Біз елтаңбаны құрметтейміз. Жасаған әрекетімізге өкінеміз, - деді олар.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: