15.07.2025
12:09
1714
«Аттарын атай алмаймыз». Бектенов қайтарылған активтер жайлы

«Аттарын атай алмаймыз». Бектенов қайтарылған активтер жайлы

Үкімет отырысынан кейінгі брифинг барысында премьер-министр Олжас Бектенов қайтарылған активтер жұмысына қатысты сауалға жауап берді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Заң аясында ақпарат беріп жатырмыз. Премьер-министр ретінде өзім басшылық ететін комиссия заң субъектілерімен, яғни сол қаражатты қайтарып жатқан тұлғалармен 900 млрд теңгеге келісім жасады. Заң шеңберінде ол адамдардың аттарын атай алмаймыз. Ол дұрыс та. Себебі ол басқаратын компанияның беделіне нұқсан келуі мүмкін. Олар түрлі шетелдік серіктестерімен жұмыс істейді. Қалай дегенмен бұл отандық бизнес қой. Олар заң аясында белгілі бір міндеттемелерін орындап жатыр. Ал біз өз тарапымыздан оларға инвестиция салуға мейлінше жағдай жасауымыз керек, - деді Бектенов.

Үкімет басшысы қайтарылған қаражаттың әлеуметтік маңызы бар нысандарға жұмсалып жатқанын да тілге тиек етті.

Бұған дейін жыл басынан бері Қазақстан экономикасы 6,2%-ға өскені туралы жазғанбыз. Сонымен қатар Бектенов экономикалық өсімді қамтамасыз етуге қатысты тапсырмалар берді.