Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің басшысы тағайындалды

31 Тамыз 2022, 11:14 1758

Сұңғат Есімханов 2021 жылдың мамыр айынан бастап «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарды

Сұңғат Есімханов ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды El.kz Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.

ҚР энергетика министрінің бұйрығымен Сұңғат Қуатұлы Есімханов Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды.

Сұңғат Есімханов 1973 жылы Павлодар облысында дүниеге келген.

Павлодар мемлекеттік университетін, Қарағанды «Болашақ» өзекті білім беру институтын бітірген.

Еңбек жолын 1996 жылы «Алюминий Қазақстан» АҚ гидрометаллургиялық цехында инженер болып бастаған.

2001-2007 жылдары ҚР Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігінің құрылымында жұмыс істеді.

2008-2010 жылдары Павлодар облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасын басқарды.

2010-2013 жылдары – «Қазақэнергосараптау» АҚ президенті.

2013-2014 жылдары – ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі департаментінің директоры.

2014-2018 жылдары ҚР Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

2018-2020 жылдары – ҚР энергетика вице-министрі.

2020-2021 жылдары – Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары.

2021 жылдың мамыр айынан бастап «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарды.

Бөлісу: