25.04.2025
12:32
2468

Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасарлары тағайындалды

Мемлекет басшысы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасарларын тағайындады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысының өкімдерімен:

Тимур Мифтахұлы Жантикин Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды;

Әсет Кеңесбекұлы Махамбетов Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.