Әлемде энергияға сұраныс үздіксіз өсіп келеді. Көмірсутектерге тәуелділікті азайту, көмірқышқыл газының шығаруын қысқарту және климаттық міндеттемелерді орындау көптеген мемлекетті атом энергетикасына қайта бет бұрғызды. Мұндай кезеңде табиғи уран қоры бойынша әлемдік көшбасшы Қазақстан үшін ядролық өнеркәсіпті жаңғырту тек экономикалық қажеттілік емес, геосаяси мүмкіндікке айналып отыр.
Қазақстан геологиялық барлау, уран өндіру, ядролық отын жасау және технологиялық жаңғырту бағыттарында соңғы жылдары қарқынды даму жолына түсті.
Қазақстан уран қорлары мен ресурстарының көлемі бойынша әлемдегі ең ірі елдердің қатарында. Ел аумағында анықталған кен орындары қалыптасу шарттары мен геологиялық ерекшеліктеріне қарай алты ірі уран-тау провинциясына бөлінеді:
Қазақстанда уран геологиясының дамуы 1951 жылы Қордай кен орнын барлаудан басталды. Алайда ең ірі жаңалықтар 1960 жылдардың соңында Түркістан мен Қызылорда облыстарында ашылып, Қазақстанды жерасты шаймалау әдісімен игеруге қолайлы уран қорлары бойынша әлемдік көшбасшыға шығарды.
Қазіргі таңда елде барланған 56 уран кен орны бар, оның 14-і игерілуде, қалғандары – стратегиялық резервте. Бұл Қазақстанның әлемдегі ең ірі барланған және болжамды уран қорларын бақылауда ұстауына мүмкіндік береді.
Ұлттық атом компаниясы құрамындағы «Волковгеология» АҚ – геологиялық барлау жұмыстарының негізгі операторы. Ол тарихи Волков геологиялық экспедициясының құқықтық мұрагері болып табылады және барлық жаңа барлау жобаларының ғылыми-технологиялық сүйемелдеуін қамтамасыз етеді.
Қазақстан уран өндірудің негізгі көлемін жерасты ұңғымалық шаймалау (ЖҰШ, ISR) технологиясын қолдану арқылы жүзеге асырады. Бұл әдіс 1960-жылдары қолданысқа енгізіліп, 2017 жылға қарай әлемдік өндірістің 50%-ын құрады.
Қазақстан геологиясының табиғи ерекшеліктері ЖҰШ әдісі үшін өте қолайлы, бұл елдің бәсекелестік артықшылығын күшейтеді. Бүгінде Қазатомөнеркәсіптің уран өндіруінің 100% ЖҰШ технологиясы арқылы жүзеге асырылады.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ – Қазақстанның Ұлттық атом компаниясы әрі әлемдегі ең ірі табиғи уран өндіруші.
Компания 27 кен орнын басқаратын 14 уран өндіруші кәсіпорынды біріктіреді. Ең озық нысандардың бірі – «Инкай» БК» ЖШС, онда жерасты ұңғымалық шаймалау технологиясы толық автоматтандырылған. 2025 жылға дейін Инкай жобасы 39 476 тоннадан астам уран өндірді.
Қазатомөнеркәсіптің бағалы қағаздары:
Сату Астанадағы корпоративтік орталық және Швейцариядағы Trade House KazakAtom (THK) арқылы жүзеге асырады.
2024 жылдың соңында Қазақстан үшін тарихи оқиға болды. Өскемендегі Үлбі металлургия зауытында француздық Framatome компаниясымен бірлескен жоба аясында алғашқы өнеркәсіптік партия ядролық отын таблеткалары шығарылды.
Бұл – Қазақстанның Ресейден тәуелсіз түрде Батыс дизайнындағы (PWR) реакторларға ядролық отын шығара алатынын дәлелдейтін маңызды қадам.
2025-2027 жылдарға арналған жоспарлар:
Қазір Қазақстанның Ресейдегі Халықаралық уран байыту орталығында 10% үлесі бар.
Жоспарланған жобалар іске асса, Қазақстан «ураннан электронға дейін» толық цикл жасайтын әлемдегі санаулы елдің қатарына кірмек. Қазіргі таңда бұл мүмкіндігі бар елдер – Ресей, Қытай және Франция.
Қазақстанның уран индустриясын жаңғыртуы елге бірқатар стратегиялық артықшылық береді:
Экономикалық пайда:
Геосаяси салмақ:
Технологиялық даму:
Қазақстан атом энергетикасы мен уран өндірісін жаңғырту арқылы әлемдік ядролық индустрияның жаңа кезеңіне батыл қадам жасап отыр. Геологиялық барлау әлеуеті, минералдық-шикізат қоры, заманауи ЖҰШ технологиясын толық меңгеруі, ядролық отын өндірісіне көшуі және халықаралық нарықтағы орны елдің бұл саладағы тұрақты көшбасшылығын қамтамасыз етеді.
Алдағы он жылда Қазақстан ядролық тізбектің толық циклін құру арқылы энергетикалық қауіпсіздігін нығайтып қана қоймай, әлемдік атом энергетикасының стратегиялық орталығына айналуға жақын.