"Атауы аспандай атақ екен". Мәжілістің 6 депутаты “Адал тұлға” медалімен марапатталды

11 Желтоқсан 2023, 09:38 1407

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық күрес күні бірқатар депутат lX Ұлттық сыйлығы "Адал тұлға" медалімен марапатталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

"Адал тұлға" атағын алғандар - Ермұрат Бапи, Ерлан Саиров, Бақытжан Базарбек, Қазыбек Иса, Ринат Зайытов және Мақсат Толықбай.

9 желтоқсан - халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күні — ІХ ҰЛТТЫҚ сыйлығы.  "Адал тұлға" медалімен марапатталған әріптестерім Ермұрат Бапи, Ерлан Саиров, Бақытжан Базарбек, Қазыбек Иса, Ринат Зайытовты құттықтаймын, - деп жазды депутат Мақсат Толықбай.

Сондай-ақ Ринат Зайытов жемқорлықпен күрес енді басталғанын атап өтті.

Қоғамда жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға қосқан үлесі мен ақпараттық жұмысы үшін " деген марапатқа лайық деп таныпты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші медиа орталығына алғыс білдіремін. Марапатталған әріптестерім: Ермұрат Бапи, Қазыбек Иса, Марат Башимов, Бақытжан Базарбек, Мақсат Толықбайды шын көңілден құттықтаймын. Сыбайлас жемқорлықпен күресіміз енді ғана басталуда. Алда талай жұмыс, талай сынақ бар. Мұратымызға жетуді бұйырсын!, - деп жазды Ринат Зайытов желідегі парақшасында.

Марапаттау рәсіміне келе алмаған Ермұрат Бапи бұл атақтың жауапкершілік жүгі мол екенін айтты.

Атауы аспандай атақ екен... Міндеті ауыр. Сол аспаннан құлап кетпеуге жазсын. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші медиа орталық" азаматтықтың азабын белгілеп берді. Рақмет! Марапаттау рәсімінде бола алмадық. Жұмыс. Іссапар, - деп жазды депутат.

Айта кетейік, халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні 2004 жылдан бастап, жыл сайын 9 желтоқсанда атап өтіледі. 2003 жылғы 1 қарашада Мексиканың Мерида қаласында жоғары деңгейде өткен саяси конференцияда БҰҰ Бас Ассамблеясы Біріккен Ұлттар Ұйымының сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясы қабылдады.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: