10.10.2023
16:26
2294
Атақты түрік актерін көруге жиналғандар тағы да таптап кете жаздады

Атақты түрік актерін көруге жиналғандар тағы да таптап кете жаздады

Жақында ғана Қазақстанға келіп кеткен танымал түрік актері Бурак Озчивит Пәкістанға барды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оның бұл елге сапары қайғылы жағдаймен аяқтала жаздады. Себебі Озчивитті көруге жүздеген адам жиналған. Ол Пәкістанға парфюм брендінің салтанатты тұсаукесеріне барған екен. Ал жұлдызды көруге жиналғандар бір-бірін таптап кете жаздады. Күзетшілер ширақ қимылдамағанда, актердің өзі де зардап шегуі мүмкін еді.