«Атам ажырасыңдар деді»: Танымал жайдарманшының әйелі не үшін бөлек кеткенін айтты

15 Тамыз, 11:53 29405

Танымал жайдарманшы  Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі Фариза Алмасқызы не үшін ажырасып кеткендерін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оның сөзінше, ата-енесі түрлі нәрсе үшін тиісе берген.

Үй салып, ауылдан ата-анамызды әкеліп бірге тұрдық. 1 жасқа толмаған баламен үйде болдым, сосын енем жұмысқа шық деді, айлығыңды қолыма әкеліп отырасың дегенде тала жаздадым. Бермейтінімді айтқаннан бастап, тиісе бастады,  - дейді Фариза. 

Ол баласы өте агрессивті екенін алға тартады.

Айсұлтанның ашуланып жылағанын жаймен қабылдаймын, бірақ атам әрдайым айқайлап, «оны ұру керек, бұндай балаларды ұрып тәрбиелемесе бетімен кетеді» деп айтатын, - дейді ол.

Фаризаның сөзінше бір күні атасы екеуін шақырып алып, ажырасыңдар деген.

«Нұрсұлтан, сен өнер адамысың, саған әйел табылады, ажырасыңдар!» деді. Сол кезде енемнің айтқан сөзі: «иә, бұл біресе шашын бояйды, біресе тойға барады, енді бәрін ұмыт, үйде отырасың ешқайда шықпай» деп таңқалдырды. Ажырасыңдар деген адаммен қалай бірге тұрасың?, - дейді Фариза.

Нұрсұлтан Жақсыген бір сұхбатында «Менің міндетім – ата-анамның разылығын алу. Әйелімнің міндеті – ерінің разылығын алу. Біліп қойыңдар. Сондықтан қайырлы болса, жақындатады, қайырсыз болса, алыстатады» деген еді.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: