Ата-бабасының қателігі үшін ұрпағы жауап бере ме? Нұрлан имам көптің көкейіндегі сұраққа жауап берді

28 Қараша 2023, 09:40 5042

Белгілі имам, дінтанушы, психолог Нұрлан Байжігітұлы "ата-бабасының қатесі үшін үрім-бұтағы жауап береді" деген түсінікке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Имамның айтуынша, психологияда әртүрлі наным-сенімді алға тартып, ақша табуды ғана көздейтіндер көбейіп кеткен.

Психологияның дәстүрлі жолында қазір осындай әртүрлі сомтикаға салу арқылы тармақшалар көбейіп кетті. Бұл тармақшалар адамды емдейміз деген сылтаумен түптеп келгенде ақша табуды ғана көздейді. Адам солай өзін-өзі алдаумен өмір өткізеді. Біздің ата-бабаларымыздың қатесі үшін үрім бұтағы жауап береді деген қате сөз, - деп түсіндірді ол Әйгерім Сейфоллаға берген сұхбатында.

Мысалы некесіз туған бала ата-анасының қателігі үшін бала жауап бермейді. Баланың өзіне сұрақ болады.

Өзінің тағдыры, өмірі, жазмышы мен болмысы бар. Ата-бабамыз істеген қателік те көп болуы мүмкін ғой. Оларды әулие деп айта алмаймыз ғой. Олар да адам болды, пенде болды. Солар үшін біздің өміріміз ауру, қайғы болып, бұл өмірге келуге лайықсыз болып қалар едік. Сондықтан әркім өзі үшін жауап береді. Соңғы кезде елдің аузынан түспей жүрген сөздің өзі – тек. Тіпті, тойға барсаңыз тектілермен құда болдық деп отыр. Тектілік деген елдің түсінігінде жетістік, ақша, абырой, қызметпен байланысты. Абай атамыз тектілікті, тұқымды жақсы түсіндіріп береді. «Тектілік – тәрбиеде» дейді. Қазақта «Жақсыдан жаман туады, Бір аяқ асқа алғысыз; Жаманнан жақсы туады, Адам айтса нанғысыз», - деген сөз бар, - дейді Нұрлан имам. 

Айта кетейік, Нұрлан имам оқырманның ат өзгертуге қатысты сұрағына жауап беріп, бала есімін ауыстыруға қатысты пікір білдірген еді.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: