«Ата-анасы ұйықтап жатқан»: Алматыда 3 жасар бала терезеден құлап көз жұмды

19 Тамыз, 14:11 1092

Алматыда 3 жасар бала 7 қабаттан құлап, қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Куәгерлердің айтуынша, жантүршігерлік оқиға Алатау ауданы Райымбек даңғылы бойындағы «Ақкент» шағын ауданында болған. 

Бүлдіршін ата-анасы ұйықтап жатқанда, олардан бұрын оянып абайсызда терезеден құлап кеткен. 

Алатау аудандық ішкі істер бөлімі қылмыстық іс қозғалды. Қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: