Атқа міну мәдениеті – дала өркениетінің мұрасы

28 Қазан 2021, 12:42 6165

«Ақыртас» сәулет-археологиялық кешенінде көрме өтті


Күні кеше ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне қарасты «Ақыртас» сәулет-археологиялық кешеніне «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» іргелі мақаласын жүзеге асыру аясында «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы Солтүстік Қазақстан облыстық музей бірлестігімен ынтымақтасып, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Атқа міну мәдениеті – дала өркениетінің мұрасы» көшпелі көрмесінің ашылуы өтті.

 

Көрмеде «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы және «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою басты назарға ілікті.

 

Көрме барысында музей қызметкерлері тарихи-мәдени мұраны сақтау, оны кеңінен насихаттау мәселелерін талқылады, объектілерге келушілердің тартымдылығын арттыру бойынша жұмыс түрлерін талқылады, сонымен қатар жас мамандардың және облыстың музей және туристік саласы өкілдерінің сөздерін тыңдалды. Содан кейін іс-шараның барлық қатысушыларын Ботай музей-қорығының көрмесімен танысуға шақырылды.

 

Аталған мәдени жиын Ботай мәдениетінің бірегейлігі мен мәні-мағынасы әлемде бірінші болып жылқы қолға үйретілгендігіне, көшпенділердің алғашқы тұрғын үйлерінің салынғандығына негізделді және де баға жетпес артефактілермен таныстырылды.

 

Ботай мәдениеті – Солтүстік Қазақстанның энеолит дәуіріндегі ескерткіштерін зерттеген материалдар негізінде В.Ф. Зайберт бөлген археологиялық мәдениет. Ботай мәдениетінің бірегейлігі мен маңыздылығы дәл осы жерде, әлемде алғаш рет жылқы малы қолға үйретіліп, көшпенділердің алғашқы тұрғын үйлері құрылғанымен байланысты. Бұл ғылыми жаңалық ерекше сәулет стилін жеткізген арғы ата-бабаларымыздың тарихи тәжірибесін көрсетеді.

 

2017 жылы Ботай археологиялық қонысы Қазақстанның киелі жерлерінің жалпыұлттық тізіміне енгізілді. Ал 2018 жылы «Рухани жаңғыру»с бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Ботай» республикалық тарихи-мәдени музей-қорығының ашылуы өткен еді.

 

Есіл өңірінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының бастауында еңбек еткен тарихшылар мен археологтардың материалдары бойынша аталған қоныс Солтүстік Қазақстанда 1980 жылы ашылған кезде соңғы тас дәуірінің 200-ге жуық ескерткіші анықталған. Ботайдың материалдары Қазақстанның неолит дәуірінің мәселелерін қисынды түрде толықтырып, өлке тарихының бұрын белгісіз беттерін толтырушы ретінде әлі күнге дейін құнды дерек көзіне айналып отыр.

Алия Кульмагамбетова
Бөлісу: