Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің Саммитіне қатысу үшін жұмыс сапарымен Самарқанд қаласына келді,деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.
Мемлекет басшысын Самарқанд әуежайында Өзбекстан Республикасының Премьер-министрі Абдолла Арипов күтіп алды.