30.08.2022
09:39
1696
Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапары аясында Қостанай облысына барады

Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапары аясында Қостанай облысына барады

Президенттің алдын ала бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес, Қасым-Жомарт Тоқаев 5 қыркүйек күні Қостанай облысына барады, деп хабарлайды El.kz.

 Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай facebook-тағы парақшасында мәлімдеді.

 Жұмыс сапары аясында ағартушы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойының ресми іс-шараларына қатысады.