24.08.2022
20:40
1050
Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжанның жалпыұлттық көшбасшысының бейітіне гүл шоғын қойды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжанның жалпыұлттық көшбасшысының бейітіне гүл шоғын қойды

Мемлекет басшысы Әзербайжанға ресми сапары кезінде осы елдің жалпыұлттық көшбасшысы Гейдар Әлиев пен оның жұбайы Зарифа Әлиеваның бейітіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты, деп хабарлайды El.kz

Қазақстан Президенті бұдан кейін Әзербайжанның азаттығы мен территория тұтастығы үшін қаза тапқан жауынгерлер жерленген Шаһиттер аллеясындағы мәңгілік алауға да гүл шоғын қойды.