Қасым-Жомарт Тоқаев: Бүгінгі съездің әлем халықтары үшін маңызы зор

14 Қыркүйек 2022, 10:32 2489

Қасым-Жомарт Тоқаев съездің ашылу салатанатында делегация өкілдеріне өз алғысын білдірді.

Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі басталды, деп хабарлайды El.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев съездің ашылу салатанатында делегация өкілдеріне өз алғысын білдірді.

«Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің кездесуі қазіргі уақыттағы әлемдік мәселелерді шешуде маңызды. Съез әлем халықтарын бітімгершілікке шақыруға және тату-тәтті өмір сүруге жетелейтін бірден бір маңызды қадам. Сондықтан бүгінгі съездің біздің еліміз үшін және әлем халықтары үшін маңызы зор екенін айта кеткім келеді. Бұл съездің өтуі үшін Қазақстанның бастамашылық етуі бекерден бекер емес. Себебі, Батыс пен Шығысты байланыстары бірден бір ел», - деді Президент.  

Еске сала кетейік, съезге әлемнің 50 елінен 100-ге жуық делегация өкілдері келіп қатысып отыр. Съезге Ислам, Индуизм, Буддизм, Даосизм, Синдонизм және басқа да дәстүрлі діндердің өкілдері қатысуда.


Миражан Махан
Бөлісу: