Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшісін қабылдады

17 Қазан 2022, 18:02 931

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Ұлыбританиядағы жаңадан тағайындалған елшісі Мағжан Ілиясовты қабылдады, деп хабарлайды El.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Әңгімелесу барысында Мемлекет басшысы Біріккен Корольдікпен арадағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту аса маңызды екенін атап өтті.


Президент Мағжан Ілиясовқа екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық іс-әрекетті жандандыруға және басқа да мәселелерге қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.



Бөлісу: