09.09.2022
15:52
1139
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы Ұлыбритания елшілігіне барды

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы Ұлыбритания елшілігіне барды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды El.kz

Мемлекет басшысы Ұлыбританияның Қазақстандағы елшілігіне барып, II Елизавета Патшайымның қайтыс болуына байланысты көңіл айтты. 

Президент көңіл айту кітабына жазба қалдырды.