17.09.2022
12:03
1353
Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-қа жұмыс сапарымен барады

Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-қа жұмыс сапарымен барады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йоркке жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Мемлекет басшысы сапарының бағдарламасы тығыз.

Президент БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-сессиясының Жалпы дебатына қатысады.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың басшыларымен, АҚШ-тың ірі қаржы институттарының және трансұлттық компаниялардың жетекшілерімен, сарапшылар тобының өкілдерімен бірқатар екіжақты кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр.