Асыл тұқымды қой алуға берілген 13,5 млн теңгені қолды қылған

12 Шілде 2022, 20:02 1252

Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі мәлім етті

Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті «Агроөнеркәсіпті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы аясында бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды El.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Мәселен, өңір тұрғыны 2020 жылы сенімхаттар негізінде 2 шаруа қожалығы атынан Шымкент қаласының Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасына асыл тұқымды қой сатып алуға және жем-шөп шығындарын өтеуге 13,5 млн теңгеге өтінім берген. Алайда, сотқа дейінгі тергеу аясында асыл тұқымды қойлар сатып алынбағаны, алынған бюджет қаражаты жеке қажеттіліктерге жұмсалғаны анықталды. Келтірілген залал толық өтелді», - дейді ведомство өкілі.

Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Бөлісу: