Асу Алмабаев UFC-дегі келесі жекпе-жегіне дайындықты бастады

Асу Алмабаев UFC-дегі келесі жекпе-жегіне дайындықты бастады

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев Қатар астанасына келіп, алдағы UFC турниріне қатысуға дайындыққа кірісті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Бұл бәсекеде Алмабаев (22 жеңіс, 3 жеңіліс; UFC-де 5–1 көрсеткіш) бұрынғы чемпиондық белбеуге үміткер америкалық Алекс Переспен (25–9, UFC: 7–5) кездеседі.

Жекпе-жекке Асумен бірге қазіргі UFC чемпионы Илия Топурияның ағасы - Александр Топурия де келген.

Айта кетейік, Асу Алмабаев соңғы кездесуін БАӘ астанасы Абу-Даби қаласында өткізіп, Хосе Очоаны жеңген болатын. Ал Перес өз кезегінде өткен айқасында жапон спортшысы Тацуро Таирадан техникалық нокаутпен ұтылған еді.