10.08.2023
14:12
1318
Асу Алмабаев UFC-дегі басты мақсатын атады

Асу Алмабаев UFC-дегі басты мақсатын атады

UFC-дегі қазақстандық спортшы Асу Алмабаев америкалық ұйымдағы чемпионның белдігіне қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

UFC-дегі чемпиондық белдік – басты мақсат. Қазір соған ұмтылудамын. Жолымды енді ғана бастадым. UFC – жекпе-жек өнеріндегі №1 ұйым. Біз сол мақсатта жұмыс істеп жатырмыз. Спортқа 6 жасымда келдім. Содан бері қолымнан келгеннің бәрін жасап келемін, шаршаған емеспін. Елге кеше оралып, бірден жаттығуға кірісіп кеттім. Себебі осыдан ләззат аламын, – деді аралас жекпе-жек шебері.