Астрология адам өмірін қалай болжайды?

23 Тамыз 2022, 10:08 4342

Әр адам ертенгі күнінде не болатынын білгісі келіп тұрады. Астролоия адамдарға сонысымен де қызықты деп ойлаймын.

Қазіргі таңда әлеуметтік желілерде астролог, таролог, нумеролог секілді мамандарды жиі байқауға болады. Адам психологиясын зерттеу, өзін өзі дамыту туралы семинар, тренингтер өткізетіндері де бар. Жалпы, адамның болашағын болжау дұрыс па? Барлығын білу адамға қаншалықты қажет? Бұл туралы астропсихолог Ботакөз Жұмакаримовамен сұқбаттасқан едік.

– Сұхбатымыздың басын астрология ғылым ба, болжам ба? деген сұрақтан бастағым келіп отыр.

– Астрология – ол білім. Бірақ астрологияны ғылым деп қарастыруға да болады. Алайда оны ғалымдар әлі күнге дейін толықтай дәлелдей алмай келеді. Егер астрология еш негізсіз болса білім ордаларында оқытпайтын еді. Онда көптеген аспектілер, нысандар, ілімдер бар. Сол сияқты психологияда интуиция деген түсінік бар. Адамдар оның бар екеніне және жұмыс істейтініне сенеді. Бірақ, ол да дәлелденбеген.

– Адамдар астрологияға не себепті қызығады?

– Адамдар белгілі бір қиындыққа тап болған жағдайда, тығырақтан шығатын жол іздейді. Сөйтіп, астролог, астропсихолог мамандардың көмегіне жүгінеді. Негізінде, жұлдыз жорамалға барлығы бірдей қызықпаса да, әр адам ертенгі күнінде не болатынын білгісі келіп тұрады. Астролоя адамдарға сонысымен де қызықты деп ойлаймын.

Шетелдерде астрологияға қатты мән береді. Мысалы, адамдар қай мезгілде үй сатып алған дұрыс, кәсіпті қашан бастау керек, қашан саяхатқа шыққан қолайлы соның барлығын астролог маманмен кеңесе отырып жоспарлайды. Ал біздің қоғамда мұндай жағдайды кездестіре алмайсың.

– Ал сіздің астрологияға қызығушылығыңыз қалай пайда болды?

– Астрологияға деген қызығушылығым 2013 жылдан басталды. Ол кезде астрология қазіргідей өзекті емес еді. Астрология бағытына да аса жақын болмадым. Сондықтан бұл салада жұмыс істеймін деген ой да, мақсат та болған жоқ. Сол жылдары менің өмірімде қиын сәттер орын алып, психологтардың көмегіне жүгіндім. Түрлі психологтармен сұхбаттасу барысында менің өмірге деген көзқарасым өзгеріп, өзімді дамыту үшін жұмыс істей бастадым. Эзотерика мен коммерциялық байланысты үйрене келе астрология бағытына жолым түсті. Осылайша, астрология мектебіне барып Павел Чернеловскийдан білім алдым. Бастапқы 2 жылды өзіме арнадым. Соңғы 7 жыдың ішінде маман ретінде адамдарға көмектесуге тырысып жүрмін.

– Натальды жұлдызнама картасы деген не және ол қалай жұмыс істейді?

– Астрологияда 12 астро үй бар. Әрқайсысының өзіндік аумағы мен белгісі болады. Сондай-ақ жұлдызды планеталар бар. Онда күн мен ай негізгі жұлдыздар. Кейін Меркурий, Шолпан, Марс, Юпитер және Сатурн планеталары. Міне, осы жұлдыздарға қарап, адамның мінез-құлқын анықтауға болады.

– Мәселен..?

– Мәселен, аталған планеталар арнайы үйлерде, арнайы белгілердің ішінде орналасқан. Әр жұлдыздың сүйікті орны мен сүйікті жұлдызды белгілері болады. Мысалы, шолпандікі таразы, меркурийге егіздер ұнайды деген сияқты. Ал, планеталардың бір-бірімен ара-қатынасын карта арқылы көреміз. Олардың қай нүкте, неше градуста, қалай орналасқанына қарап мінез-құлықты анықтай аламыз. Астрологияда натальды картаның маңызы зор.   

– Натальды карта бойынша жылдық жоспарды қашан құрған дұрыс?

– Жылдық жоспарды өзінің туған күнінде құруға кеңес беремін. Бұны астрологияда «соляр» деп атайды. Соляр дегеніміз адамның натальды күн нүктесі оның туған күніндегі датамен бір нүктеге келіп тоғысуы. Осы аралықта адамдардың жылдық жоспары сәтті жүзеге асады. Сонымен қатар жылдық жоспарды жаңа жылда құруға болады. Яғни, желтоқсан айының басынан ортасына дейінгі аралық тиім болып табылады.

– Астрология арқылы адамның мінезінен басқа қандай дүниелерді білуге болады?

– Негізінде адамның жұлдызына қарап, белгілі бір сәттерді, оқиғаларды айқындауға болады. Мысалы, шетелге сапарға шығатынын, жақын арада тойы болатынын, қашан ана атанатынын білетін мүмкіндік бар. Дегенмен, біз ол оқиғаларды толықтай ашып көре де, айта да алмаймыз. Бірақ, маған көмек сұрап келген адамдардың болашағына қарап талқылау жүргізгенге қарағанда, олардың өзін өзі тануымен айналысып, өзін дамытқандарына мән беремін. Жұлдыздар арқылы адам өмірі алдын ала жазылып қойылады деген сенім бар. Ол сеніммен келісемін. Дегенмен, көп жағдайда адам өз өмірін өзі ғана өзгерте алады. Барлығы адамның қолында екенін ұмытпағаны жөн.

– Жұлдыздар мен күн ғаламшары адам өміріне қаншалықты әсер етеді?

– Жұлдыздар адамның өміріне қатты әсер етеді деп айта алмаймын. Бірақ, күн сәулесінің адамның мінез-құлқын айқындаудағы рөлі үлкен. Күн энергиясы адамның күліп жүруіне, жұмсақ және мейірімді болуына септігін тигізеді. Бірақ, бір қызығы, күн көбінесе әйел адамдарға қатты әсер етеді. Әйелдер эмоцианальды болғандықтан күнмен тығыз байланыста деуге болады.

Ал, ер адамдар ұстамды болып келетіндіктен оларға күн энергиясы қатты әсер ете бермейді. Егер ер адамның күн энергиясы мықты болса, ол барлық адамдармен жақсы қарым-қатынаста жүреді. Барлығына түсіністікпен қарап, адамдарға энергия сылай біледі деп айтуға болады. Ал, ер адамның күн энергиясы әлсіз болса, онда ол эмоцианы қалай дұрыс шығару керектігін білмейді. Мысалы, ұрысу керек жерде күле салуы мүмкін немесе күлу керек жерде ұрысуы мүмкін.

– Натальды карта бойынша күзде қандай өзгерістер болатынын айта аласыз ба?

– Күзде ретроградты меркурийдің құбылмалы көрінісі орын алады. Нақтырақ айтқанда, 9 қыркүйек пен 2 қазан аралығында адамдардың мінез-құлқында өте жиі құбылыс байқалатын болады. Мысалы, көптеген түсінбеушілік, шаршанқылық және көңіл толмайтын уақыттың кезеңіне келіп тұр. Дегенмен, бұл айда адамдардың белсенділігі арта түседі. Сондықтан, адамдарға энергиясын үнемдеп жұмсауға кеңес беремін. Себебі, күзде адам денсаулығына энергия мен дәрумен өте қажет.

1-10 қыкүйекте ай өседі. Ал 10 қыркүйекте ай толады. Әдетте, ай толған кезде адамдардың энергиясы әлсіреп, күші таусылады. Сөйтіп, иммунитеттері төмен адамдар ауыра бастайды. Ал, 26 қыркүйекте таразы жұлдызына өткенде жаңа ай толады. Жаңа ай толғанда жаңа жоспарлар құру керек. Мысалы, жаңадан кәсіп бастасаң жұмысың жемісті болады.

– Сұхбатыңызға рахмет!

Миражан Махан
Бөлісу: