Астананың қоғамдық көлік паркі 320 автобуспен толығады

21 Қыркүйек, 07:30 500

Биыл елорданың қоғамдық көлік паркі 320 автобуспен толығады. Олардың басым бөлігі қазірдің өзінде желіге шыққан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында жазды. 

Қала басшысының мәліметінше, бірер күн бұрын елордаға жаңа 55 автобус жеткізілген. Оның 26-сы толық жабдықталып, маршрутқа шыққан. Қалған бөлігі техникалық дайындықтан өткеннен кейін желіге шығады.

Жаңа қоғамдық көліктер жаңа бағыттағы маршруттарды ашуға, күту уақытын қысқартуға, ескі автобустарды кезең-кезеңімен ауыстыруға және т.б. мүмкіндік берді. Былтыр қоғамдық көлік паркін 400 автобусқа ұлғайтқанбыз. Жылжымалы құрамды жаңарту жұмысы жүріп жатыр,-делінген жазбада.

Зарина Арман
Бөлісу: