Астананың орталық алаңында 4 мыңға жуық адам Олимпиаданың ашылуын тікелей эфирден тамашалады

27 Шілде, 02:32 751

Парижде басталған XXXIII жазғы Олимпиада ойындарының ашылуына орай мерекелік іс-шара өтті. Астана әкімдігі мен Jibek Joly телеарнасы ұйымдастырған тікелей эфирді Орталық саябақтан 4 мың астаналық тамашалады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Іс-шараның басты мақсаты Олимпиада ойындарында ел атынан қатысатын қазақстандық спортшыларды қолдауға бағытталған. 

Олимпиада ойындарының ресми ашылуының тікелей көрсетілімі басталғанға дейін отандық эстрада жұлдызы - Халықаралық конкурстардың лауреаттары Ақтоты Болшова, Әкімжан Маженов, Зарина Омарова, ILIAS, сондай-ақ композитор, ҚР еңбек сіңірген қайраткері және «Құрмет» орденінің иегері Ұлықпан Жолдасовтың қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Елорда тұрғындары үшін ойын-сауық интерактивтері – спорттық іс-шаралар мен викториналар ұйымдастырылды. Ең белсенді қатысушыларға сыйлықтар табысталды.

Естеріңізге сала кетейік, Олимпиада ойындарының салтанатты ашылуының тікелей эфирін елорданың мынадай орындарында сағат 22.30-дан бастап көруге болады:

- Қазақстан теннис федерациясына қарама-қарсы орталық саябақ (Beeline Arena);
- Mega Silkway лед-экраны (ЭКСПО жағынан);
- Тұран даңғылы – Д.Қонаев көшесі;
- Б. Момышұлы даңғылы-Тәуелсіздік даңғылы;
- ЭКСПО аумағындағы экран;
- Арбат (Жағалау).

Зарина Арман
Бөлісу: