Астананың кейбір аудандарында жарық сөніп қалды

29 Қазан 2023, 23:26 522

Елорданың кейбір аудандарында жарық сөніп қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Қалалық ВЛ-110кВ шеңберінде апатқа байланысты жарық сөндірілді. Апаттың себеп-салдары нақтыланып жатыр»,-деп хабарлады «Астана – өңірлік электр компаниясы» мекемесінен.

Коммуналдық қызметтер апаттың салдарын анықтаумен айналысып жатыр.

«Елордада желідегі апат салдарынан бірқатар тұрғын үй элетр қуаты мен байланыссыз қалды. Оқиға орнында коммуналдық қызмет өкілдері жұмыс жүргізіп жатыр»,-делінген Астана әкімдігінің ресми сайтында.

ҚР Энергетика министрлігінің хабарлауынша, Астана – 2 жылу электр орталығындағы қысқа тұйықталу салдарынан электр өндіру қуаты төмендеп кеткен.

Перизат Саденова
Бөлісу: