«Астананың» Еуропа лигасындағы ойын күні ауысты

3 Тамыз 2023, 11:52 1071

«Астана» футбол клубы Чемпиондар лигасынан шығып қалды. Команда енді жарысты Еуропа лигасында жалғастырады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елорда клубының Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі қарсыласы – Болгарияның «Лудогорец» клубы. Негізі алғашқы ойын 10 тамыз Астанада, қарымта матч 17 тамызда Болгарияда өтеді деп жоспарланған.

Бірақ «Kommentator_Maulen»  telegram арнасы ойын 8 және 15 тамызы күндері өтеді деп жазды.

 «Астана» - «Лудогорец» матчы 8-тамыз күні ойналады. Ал жауапты матч араға апта салып, яғни 15-тамыз өтеді. Өйткені Чемпиондар жолы бойынша еурокубокқа қатысқан командалар Еуропа лигасындағы ойындарын сейсенбі күні өткізе алады. Соған байланысты өзгертуге болады, -деп жазды арна.

Айта кетейік, «Астана» кеше УЕФА Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінде Загрбетің «Динамосынан» тағы ұтылды. Қос матчтың қорытындысы – 0:6.

Алмас Абылай
Бөлісу: