Астананың Есіл ауданында жолдар салынады

14 Қараша, 16:05 295

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметінше, жобаларды «Мемсараптама» РМК мақұлдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ведомство дерегінше, ЕК-15/2, ЕК-16 және ЕК-23 жаңа көшелерінің құрылысын «Хан Шатыр» СОО маңындағы Анет баба, Қ.Мұхамедханов және Төле би көшелерінің қиылысы ауданында іске асыру жоспарлануда.

Бүгінгі таңда жоба 3 кезекке бөлінген.

I кезек:

- ЕК-13 көш., Е305 көшесінен ЕК-12 көш. дейін;

- ЕК-15/1 көш., ЕК-32 көшесінен Қ. Мұхамедханов көш. дейін;

- ЕК-16/1 көш., ЕК-23 көшесінен ЕК-27 көш. дейін;

- Е-23 көш., Е306 көшесінен «Хан-Шатыр» СОО дейін;

- ЕК-20 көш., ЕК-15/1 көшесінен Е306 көш. дейін;

- ЕК-27 көш., ЕК-16/1 көшесінен ЕК-15/1 көш. дейін;

- №1 РПК-2Т және №2 РПК-2т қондырғысы бар 20 кВ алаңнан тыс электрмен жабдықтау.

II кезек:

- ЕК-15/2 көш., ЕК-32 көшесінен Қ. Мұхамедханов көш. дейін;

- ЕК-16 көш., ЕК-32 көшесінен Қ. Мұхамедханов көш. дейін;

- ЕК-23 көш.ЕК305 көшесінен Е306 көш. дейін.

III кезек:

- ЕК-12 көш., Қ. Мұхамедханов көшесінен «Хан-Шатыр» СОО дейін ;

- ЕК-16/1 көш., ЕК-13 көшесінен ЕК-23 көш. дейін;

- ЕК-23 көш., Е32 көшесінен Е305 көш. дейін.

«Мемсараптама» РМК II кезектегі жұмыс жобасын қарады.

Сараптама нәтижелері бойынша жалпы ұзындығы 2,5 км екі және төрт жолақты қозғалыстың II кезекті жолдарын салу жобасына оң қорытынды берілді.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: