Астананың Достық үйіндегі медиация кабинеті психолог пен заңгердің қызметтерімен толықты

11 Ақпан 2019, 05:49 2710

Медиация шиеленістер мен дау-дамайларды реттеудің ең тиімді тәсілі болып табылады. Жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы қақтығыстарды медиация қағидаларына негізделген дауларды шешудің балама тәсілдерін бейімдеу мүмкіндіктері арқылы құралады.

Достық үйінде қала тұрғындарының өтініштерімен жұмыс істейтін, сондай-ақ медиациялық рәсімдерді жүзеге асыратын тәжірибелі медиаторлар жұмылдырылған медиация кабинеті жұмыс жасайды.

Бүгінгі таңда медиация кабинеті Астана қаласының «Алматы» ауданы Бірыңғай қызмет көрсету орталығының медиаторларымен толықты. Енді медиаторлардың ғана емес, сондай-ақ заңгер және психологтың кеңесі мен көмегіне жүгінуге болады.

Бөлісу: