Астананың 20 жылдығына арналған волейбол турнирі

2 Сәуір 2018, 12:45 2340

30  наурызда «Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ «Қоғамдық Келісім» КММ Астана қаласының 20 жылдығына арналған этномәдени бірлестіктерінің жастары және «Коғамдық Келісім» КММ мамандары арасында «Спорт – денсаулық кепілі» атты волейболдан спорттық турнир ұйымдастырылды.

Турнирдің мақсаты – жастардың қазақстандық патриотизмін қалыптастыру, дене шынықтыру мен спорттың рөлін арттыру, жастарды волейболға тарту және мықты спортшыларды анықтау, сондай-ақ Ақтөбе облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктерінің жастарын біріктіру.

Турнирге гректердің «Эллада»  этномәдени бірлестігінің, Ақтөбе қаласын «Әзербайжандар  қауымдастығы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің филиалы, «Шатлык» Ақтөбе облысы татар және башқұрт этномәдени қоғамдық бірлестігінің жастар қанатының өкілдері қатысты.

 

 

 

 

 

 

 

Бөлісу: