Астанада қонақүйден өрт шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тілсіз жау елорданың Сарыарқа ауданында Дүкенұлы көшесіндегі қонақүй бөлмесінен шығып, іштегі жиһаздар отқа оранған.
Өрт сөндірушілер отты жедел өшіріп, оның басқа аумақтарға таралуына жол бермеді, – деп хабар таратты Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіндегілер.
Өрт болған кезде бөлмеде ешкім болмағаны айтылды. Сонымен бірге, оқыс жағдайдан зардап шеккендер тіркелмеді.